---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/04/20/toqaevtyng-synynan-kejin-taghy-birneshe-shenewnik-qyzmetinen-ketti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаевтың сынынан кейін тағы бірнеше шенеунік қызметінен кетті

![Тоқаевтың сынынан кейін тағы бірнеше шенеунік қызметінен кетті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/03/telegramma-pozdravleniya_mediumthumb.jpg)

**Автомобиль жолдары комитеті басшысы мен бірнеше әкім орынбасарлары қызметінен кетті****, деп хабарлайды****Qazaqpress.**

Бұл туралы Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті.

> «Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша республикалық және жергілікті жолдардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарын ретке келтіру жалғасып жатыр. Осы саладағы жұмыстарды және бақылауды босаңсытып алғаны үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы С.Бармақов, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстары әкімдерінің орынбасарлары Т.Шәкімов, И.Турков және Н.Қалауовтар қызметінен босатылды.
> 
> 
> 
> 
> Үкімет, әкімдер, құқық қорғау органдары бюджет қаржысының тиімсіз жұмсалуының алдын алу, жол құрылысы саласындағы келеңсіздіктерді жою үшін шаралар қабылдап жатыр», — деді Берік Уәли.

Еске салсақ, Ұлан Әліпов Президент сынынан кейін «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының басшысы қызметінен кеткені хабарланған еді.

---

Жарияланды: 2021-04-20T10:08:19+06:00

Жаңартылды: 2021-04-20T10:08:19+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/04/20/toqaevtyng-synynan-kejin-taghy-birneshe-shenewnik-qyzmetinen-ketti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.