---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/04/20/almatyda-zhalghan-dollar-zhasaw-men-ajnalys-qandar-sottaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда жалған доллар жасаумен айналысқандар сотталды

![Алматыда жалған доллар жасаумен айналысқандар сотталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/04/ddcc2449-b16a-4e3a-82b3-752d287806b9.jpg)

**Алматыда жалған АҚШ долларын жасаумен айналысқандар сотталды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Агенттіктің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жалған АҚШ долларын сақтау және өткізумен айналысқан қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

> «2020 жылдың тамыз айында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Алматы қаласының аумағында жалпы сомасы 4 200 доллар болатын 42 дана 100 АҚШ доллары номиналындағы жалған шетел валютасын сатумен айналысатын екі адамнан тұратын қылмыстық топ әшкереленіп, ұсталды», — делінген хабарламада.

Сот үкімімен айыптаушылар деп танылғандар Қылмыстық кодекстің 231-бабы 2-бөлігі 2,3-тармағына сәйкес (жалған ақшаны немесе құнды қағаздарды дайындау, сақтау, тасымалдау немесе өткізу) бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі әртүрлі жаза мерзіміне сотталды.

---

Жарияланды: 2021-04-20T08:45:27+06:00

Жаңартылды: 2021-04-20T08:52:39+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/04/20/almatyda-zhalghan-dollar-zhasaw-men-ajnalys-qandar-sottaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.