---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/04/20/almatyda-tesla-men-lexus-soqtyghysyp-zhol-apaty-oryn-aldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда Tesla мен Lexus соқтығысып, жол апаты орын алды

![Алматыда Tesla мен Lexus соқтығысып, жол апаты орын алды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/04/2021042015055975948_tesla1.jpg)

**Алматыда Жандосов пен Саин көшелерінің қиылысында Tesla Model S және Lexus IS көліктері соғысты**, **деп хабарлайды Qazaqpress Zakon.kz-ке сілтеме жасап. **

Электромобиль жүргізушісі Жандосов көшесімен батыс бағытқа қарай жүріп келе жатқан. Ол бұрыла бергенде, оған бар жылдамдығымен Lexus көлігі келіп, соқтығысқан. Алдын ала мәлімет бойынша, Тесланың жүргізушісі келе жатқан автобильдерге жол бермей, бұрылыстан шыққан.

Соққы әсерінен қос көлік жолдың екі шетіне ұшқан.

Тесла иесінің айтуынша, соққыдан соң автоматты жүйесі іске қосылып, электромобиль өздігінен жолдың шетіне барып тұрған.

Апат кезінде зардап шеккендер болған жоқ. Полиция оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.

---

Жарияланды: 2021-04-20T13:29:25+06:00

Жаңартылды: 2021-04-20T13:29:25+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/04/20/almatyda-tesla-men-lexus-soqtyghysyp-zhol-apaty-oryn-aldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.