---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/04/18/bekshinning-kengsesinde-shw-shygharghan-blogerler-ekinshi-ret-ghimaratqa-kire-almady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Бекшиннің кеңсесінде шу шығарған блогерлер екінші рет ғимаратқа кіре алмады

![Бекшиннің кеңсесінде шу шығарған блогерлер екінші рет ғимаратқа кіре алмады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/04/photo_80768.png)

**Танымал [LIFE KZ](https://www.youtube.com/channel/UCjVGRx-focg86UePIRBH1iA) YouTube-арнасының блогерлері Жанар Құсайынова, Ринат Кибраев және Валерий Кудрявцев Алматы қаласының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшинмен жоспарланған кездесуді өткізе алмады, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Кездесу Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінде бейсенбіге жоспарланған болатын.

Сол күні Жандарбек Бекшин денсаулық сақтау министрі Алексей Цоймен кенеттен кездесуге кеткені белгілі болды.

Блогерлерді санэпидқызмет ғимаратының кіреберісінде күзет өкілдері қарсы алды. Олар ары қарай ішке кіргізілмеді. Қызметкерлер блогерлерді дәретханаға да жіберуден бас тартты.

Еске салайық, алдыңғы аптада блогерлер Бекшиннің ведомствосында шу шығарды. Белсенділер ведомство ғимаратына кіріп, әкімшілік ғимараттың әр қабатын аралап, кабинеттерге кіріп, департамент қызметкерлерін камераға түсіріп, олармен сөйлескен болатын.

Сонымен қатар, видеода санэпидқызмет ғимаратындағы дәретхана көрсетілген: «еден лас, сабын салғыш лас, кафель сынып кеткен, айнасы жуылмаған».

Осы жолы блогерлер тәртіпбұзушылықтардың жойылғанын тексеруге барған. Алайда кіре алмады.

---

Жарияланды: 2021-04-18T09:40:44+06:00

Жаңартылды: 2021-04-18T09:40:44+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/04/18/bekshinning-kengsesinde-shw-shygharghan-blogerler-ekinshi-ret-ghimaratqa-kire-almady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.