---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/04/17/tarazda-100-adamdyq-toj-toqtatyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Таразда 100 адамдық той тоқтатылды

![Таразда 100 адамдық той тоқтатылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/04/210417105255818a3777515i.jpg)

**Тараздағы мейрамханалардың бірінде 100 адамға арналған той тоқтатылды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Карантин режимі мен шектеу шаралары талаптарының сақталуын бақылау аясында Жамбыл облысының полицейлері мобильді топтармен бірлесіп, кезекті ұйымдастырылған көлемді іс-шара дерегін анықтады. Тараздағы мекемелердің бірінде рейд кезінде 100-ден астам адамның қатысуымен өтіп жатқан той анықталды.

Барлық қонақтармен профилактикалық әңгіме өткізілді, ал іс-шараны ұйымдастырушыға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 425-бабы бойынша хаттама жасалды және жауапқа тарту үшін Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілген.

> «Ауру-сырқаудың статистикасына қарамастан, адамдар өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруде. Жыл басынан бері әртүрлі нысандарда карантин режимінің 430 бұзылу дерегі анықталды. Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасымен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы бойынша жалпы 41 млн теңге көлемінде айыппұл салынды және ойын-сауық мекемелері мен өзге де меншік нысандарының 346 иесі жауапқа тартылды», – деп хабарлады полиция департаменті.

---

Жарияланды: 2021-04-17T08:35:59+06:00

Жаңартылды: 2021-04-17T08:35:59+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/04/17/tarazda-100-adamdyq-toj-toqtatyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.