---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/04/17/nur-sultan-zholdarynda-sary-belgi-pajda-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Нұр-Сұлтан жолдарында сары белгі пайда болды

![Нұр-Сұлтан жолдарында сары белгі пайда болды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/04/photo_80745.jpeg)

**Нұр-Сұлтан жолдарында сары белгі пайда болды, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Бұл ауа райы нашарлаған кезде жүргізушілердің зейінін арттыру үшін қажет екені айтылды.

> — Астана аумағында пилот жоба аясында Мәңгілік Ел даңғылы бойында Ұлы Дала көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейін сары түсті тұтас қос жолақты қолдану бойынша тәжірибе түрінде жұмыс ұйымдастырылды. Сондай-ақ, бұл таңбаны Жеңіс және Сарыарқа даңғылдарында қолдану жоспарланып отыр, — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Полицейлер нормативтік актілерде сары түсті белгілерге қолдануға тыйым салынбағанын атап өтті.

> — Осы таңбаны пайдалану уақытында жол апаты жағдайларын зерделей келе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, оның ішінде жол қозғалысы ережелеріне тиісті өзгерістер енгізіледі, — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ведомстводағылар сары таңба жүргізушілердің назарын жолға шоғырландыруға, сол арқылы қауіпсіздік деңгейін, әсіресе жауын-шашын кезінде арттыруға мүмкіндік беретінін түсіндірді.

---

Жарияланды: 2021-04-17T08:31:52+06:00

Жаңартылды: 2021-04-17T08:31:52+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/04/17/nur-sultan-zholdarynda-sary-belgi-pajda-boldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.