---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/04/16/qazavtozhol-basshysy-qyzmetinen-ketti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «ҚазАвтоЖол» басшысы қызметінен кетті

![«ҚазАвтоЖол» басшысы қызметінен кетті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/04/photo_80708.jpeg)

**«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының басшысы Ұлан Әліпов жұмысын дұрыс атқармағаны үшін қызметінен босатылды****, деп хабарлайды****Qazaqpress.**

Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

> «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке республикалық және жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту жөнінде кешенді шаралар қабылдауды тапсырды. Жұмысын дұрыс атқармағаны үшін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ұ.Әліпов қызметінен босатылды. Барлық өңірде бюджет қаржысының жұмсалуына, көлік магистральдарының салынуына және жөнделуіне бақылау күшейтіледі. Президент алдағы уақытта аталған мәселені өзінің жеке бақылауында ұстайды», — деп жазды баспасөз хатшы Facebook-те.

---

Жарияланды: 2021-04-16T08:26:42+06:00

Жаңартылды: 2021-04-16T08:26:42+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/04/16/qazavtozhol-basshysy-qyzmetinen-ketti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.