---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/04/14/almatyda-astra-consulting-agensy-qarzhy-piramidasynyng-qyzmetkerleri-ustaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда «Astra Consulting agency» қаржы пирамидасының қызметкерлері ұсталды

![Алматыда «Astra Consulting agency» қаржы пирамидасының қызметкерлері ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/04/unnamed.jpg)

**Алматыда «Astra Consulting agency» ЖШС қызметі қаржылық пирамида ретінде танылды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметі бойынша, 2019 жылдың желтоқсан айында аталған компанияға бірінші арыз түскен. Бүгінгі күні зардап шеккендердің ресми саны – 124 адам.

> «Азаматтарды ақша салуға тарту және ай сайынғы дивидендтерді төлеуге уәде беру бойынша бірқатар алаяқтық іс-әрекеттерді жасады деген күдікпен компанияның алты қызметкері ұсталып, қамауға алынды. Оның жетекшісі халықаралық іздеуге жарияланды. Күдіктілердің іс-әрекеттері ҚР ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігі (Қаржылық пирамида) бойынша квалификацияланған. 124 салымшыға келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 6,2 млн теңге», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.

Оның айтуынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ПД тергеу басқармасы жүргізеді.

> «Заңсыз әрекеттердің басқа қатысушыларын, сондай-ақ жәбірленушілерді анықтау жұмыстары жалғасуда. Осыған байланысты біз жоғарыда аталған компания өкілдерінің қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды тергеушіге мына телефон нөмірі 8-701-732-86-54 арқылы байланысуға немесе Алматы қаласы, Масанчи көшесі 55 үйге келіп ресми өтініш жазуға шақырамыз», – деді Рүстем Әбдрахманов.

 

---

Жарияланды: 2021-04-14T08:41:44+06:00

Жаңартылды: 2021-04-14T08:44:19+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/04/14/almatyda-astra-consulting-agensy-qarzhy-piramidasynyng-qyzmetkerleri-ustaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.