---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/04/13/toqaev-qazaqstandyqtardy-ramazan-ajynyng-bastalwymen-quttyqtady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады

![Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/04/kmo_171497_00095_1_t218_075713.jpg)

**Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды Qazaqpress Akorda.kz-ке сілтеме жасап. **

> — Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
> 
> 
> 
> 
> Бұл – күллі мұсылман қауымы үшін рухани тұрғыдан жаңару кезеңі. Сондай-ақ, Ораза айында өзара сыйластық пен мейірім, ізгілік пен кешірім сияқты асыл қасиеттер дәріптеледі. Жұрт көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, қайырымдылық көрсетуге, сауапты іс атқаруға ұмтылады.
> 
> 
> 
> 
> Ислам дінінің осындай мызғымас рухани құндылықтары мен жасампаздық әлеуеті қоғамымыздағы бірлік пен ынтымақты одан әрі нығайтуға ықпал етеді.
> 
> 
> 
> 
> Өкінішке қарай, биыл да Рамазан айы күрделі кезеңде өтетін болды. Жұқпалы дертті ауыздықтау үшін барлық шаралар жасалуда. Еліміздегі мұсылман жамағатын қауіпсіздік талаптарын сақтауға, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұсынымдарын мүлтіксіз орындауға шақырамын.
> 
> 
> 
> 
> Біз бұл сынақты ауызбіршілік пен жауапкершіліктің арқасында еңсеретініміз сөзсіз.
> 
> 
> 
> 
> Тұтқан оразаларыңыз қабыл болсын!
> 
> 
> 
> 
> Елімізге амандық, әр шаңыраққа бақ-береке тілеймін!, — деді Тоқаев.

---

Жарияланды: 2021-04-13T07:13:40+06:00

Жаңартылды: 2021-04-13T07:13:40+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/04/13/toqaev-qazaqstandyqtardy-ramazan-ajynyng-bastalwymen-quttyqtady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.