---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/04/12/oraza-kezinde-vakcinalaw-zhaene-ptr-testilewge-qatysty-zhii-qojylatyn-suraqtargha-almatynyng-bas-imamy-zhawap-berdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ораза кезінде вакциналау және ПТР тестілеуге қатысты жиі қойылатын сұрақтарға Алматының бас имамы жауап берді

![Ораза кезінде вакциналау және ПТР тестілеуге қатысты жиі қойылатын сұрақтарға Алматының бас имамы жауап берді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/04/whatsapp-image-2021-04-12-at-12.11.50.jpeg)

**Коронавирусқа қарсы екпе оразаны бұзбайды.**

Бүгін Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифингке қаланың бас имамы Еркінбек Шоқай қатысты. Ол ораза ұстауға ниет етіп жүрген мұсылмандардан түскен сұрақтарға жауап берді. Спикер коронавирусқа қарсы вакцина мен ПТР-тест тапсыру оразаны бұзбайтынын түсіндірді.

Е. Шоқайдың айтуынша, егер зат (сұйықтық) адам ағзасына ауыз немесе мұрынмен асқазан-ішек жолдары арқылы түсетін болса, ораза бұзылады. Ал вакцина инъекция жолымен енгенде ораза бұзылмайды. Сондықтан ковидке қарсы екпе салдыру оразаны бұзбайды.

> «Вакциналау инфекциялық аурулардың алдын алады және адамның иммунитетін көтереді. Вакцина дәрумен емес. Сол себепті екпе терінің астына, бұлшық етке немесе қан арқылы енгізілсе, ораза бұзылмайды», — деді Алматы мешітінің бас имамы.

Е. Шоқай дәруменге жатпайтын, тек емдеу мақсатында қолданылатын инъекцияларға рұқсат берілгенін айтты.

Сонымен бірге, имам ПТР-тестілеуден өту жайлы журналистің сұрағына жауап берді. Е. Шоқай бұл медициналық процедураның оразаны бұзбайтынын айтты.

---

Жарияланды: 2021-04-12T06:24:03+06:00

Жаңартылды: 2021-04-12T06:24:03+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/04/12/oraza-kezinde-vakcinalaw-zhaene-ptr-testilewge-qatysty-zhii-qojylatyn-suraqtargha-almatynyng-bas-imamy-zhawap-berdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.