---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/04/12/asqar-mamin-aj-sajyn-2-mln-adam-vakcinalansyn/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Асқар Мамин: Ай сайын 2 млн.адам вакциналансын

![Асқар Мамин: Ай сайын 2 млн.адам вакциналансын](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/03/photo_324181.jpeg)

**Қазақстанда вакцинациялау кестесін нақты түрде сақтау керек. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды Qazaqpress Primeminister.kz-ке сілтеме жасап. **

> «Вакцинациялау графигі нақты сақталсын және сәуір айында, сондай-ақ мамыр мен маусым айларында, жоспар бойынша ай сайын 2 млн адамды вакцинациялау қамтамасыз етілсін. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге қоғамдық орындарды, соның ішінде сауда орталықтарын пайдалана отырып, вакцинациялаудың қолжетімділігін қамтамасыз етуді тапсырамын», — деді А. Мамин.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі Ақпарат министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, халық үшін вакцианциялаудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмысын жүргізуді жалғастыруы керек.

> «Қоғам тек санитарлық нормарларды сақтау және вакцинациялау ғана пандемияның таралуын тоқтатып, экономиканың өсуін қамтамасыз ете алатынын түсінуі керек», — деді Үкімет басшысы.

---

Жарияланды: 2021-04-12T08:56:48+06:00

Жаңартылды: 2021-04-12T08:56:48+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/04/12/asqar-mamin-aj-sajyn-2-mln-adam-vakcinalansyn/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.