---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/04/11/nur-sultan-temirtaw-trassasyn-basqan-swdyng-denggeji-toemendedi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Нұр-Сұлтан &#8212; Теміртау трассасын басқан судың деңгейі төмендеді

![Нұр-Сұлтан &#8212; Теміртау трассасын басқан судың деңгейі төмендеді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/04/210411120644a3774924d.jpg)

**Қарағанды облысының құтқарушылары жергілікті билік өкілдерімен бірлесіп су тасқыны қаупі бар аудандарда жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Бүгінгі таңда облыстың ТЖД қызметкерлері автожолдардың екі учаскесінде су басу жағдайларын жойды.

Атап айтқанда, Нұра ауданындағы Құндызды өзенінде (Нұра кентінің маңында) судың көтерілу деңгейі төмендеді. Оқиға орнында қорғаныс дуалдарын нығайту шаралары және өзендегі мұз кептелісін жою бойынша жарылыс жұмыстары жүргізілді. Өткен тәулікте өзеннің бес учаскесінде жарылыс жұмыстары атқарылды. Елді мекенді су басу қаупі жоқ.

Сондай-ақ «Нұр-Сұлтан — Қабанбай батыр — Нұра — Теміртау» автожолының 104-шақырымын басқан тасқын судың көлемі азайды. Қазіргі уақытта оның ені 60 м, тереңдігі 10 см құрайды. Аталмыш учаскеде жол жиектеріне топырақ төгу жұмыстары жүргізілді. Жол қызметтері мен жергілікті атқарушы органдардың кезекшіліктері ұйымдастырылды.

Ақтүбек және Нығман ауылдарындағы автожолдарда да су басу деңгейінің төмендеуі байқалады. Елді мекендерге қауіп жоқ.

Сонымен қатар, Осакаров ауданы Қарағайлы ауылының маңындағы Қарғалы өзенінің екі учаскесінде мұз ұсату жүргізілді.

---

Жарияланды: 2021-04-11T10:18:13+06:00

Жаңартылды: 2021-04-11T10:18:13+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/04/11/nur-sultan-temirtaw-trassasyn-basqan-swdyng-denggeji-toemendedi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.