---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/04/09/qanatbek-zhajsangbaev-prezident-aekimshiligi-boelimining-menggerwshisi-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қанатбек Жайсаңбаев Президент Әкімшілігі бөлімінің меңгерушісі болды

![Қанатбек Жайсаңбаев Президент Әкімшілігі бөлімінің меңгерушісі болды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/04/daa-0884-2_mediumthumb.jpg)

**Қанатбек Жайсаңбаев Президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болды, деп хабарлайды Qazaqpress Ақорда сайтына сілтеме жасап.**

> — Мемлекет басшысының өкімімен Қанатбек Бақытұлы Жайсаңбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.

Қанатбек Жайсаңбаев 1980 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

2010-2016 жылы Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы, кейін Президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді. Сондай-ақ, бұған дейін Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған.

---

Жарияланды: 2021-04-09T08:19:18+06:00

Жаңартылды: 2021-04-09T08:19:18+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/04/09/qanatbek-zhajsangbaev-prezident-aekimshiligi-boelimining-menggerwshisi-boldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.