---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/04/09/nazarbaev-ii-elizavetagha-koengil-ajtw-zhedelhatyn-zholdady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Назарбаев ІІ Елизаветаға көңіл айту жеделхатын жолдады

![Назарбаев ІІ Елизаветаға көңіл айту жеделхатын жолдады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/11/thumbs_b_c_42b3dcefc78adf7a48fcb4d77b900a2e.jpg)

**Нұрсұлтан Назарбаев Ханзада Филиптің өмірден өткені туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады, деп хабарлайды Qazaqpress Elbasy.kz-ке сілтеме жасап.**

> «Ол жарқын әрі мағыналы ғұмыр кешті. Сіздің сенімді тірегіңіз болып, ел мүддесі жолында нағыз патриот және халықаралық деңгейдегі біртуар қайраткер ретінде тарихи із қалдырды.
> 
> 
> 
> 
> Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіне сапарларым барысында Өзіңізбен және Ханзада Филиппен болған кездесулерде марқұмның Қазақстанға деген ілтипатты көңілі мен игі ниетін әрдайым сезетінмін.
> 
> 
> 
> 
> Сіздің және туыстарыңыздың қайғысына ортақпын.
> 
> 
> 
> 
> Осынау азалы сағатта, Ұлы Мәртебелі, Сізге, отбасыңызға, бүкіл Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің халқына сабыр тілеп, көңіл айтамын», – делінген жеделхатта.

---

Жарияланды: 2021-04-09T16:03:42+06:00

Жаңартылды: 2021-04-09T16:03:42+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/04/09/nazarbaev-ii-elizavetagha-koengil-ajtw-zhedelhatyn-zholdady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.