---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/04/08/toqaev-medicina-qyzmetkerlerine-alghys-ajtty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев медицина қызметкерлеріне алғыс айтты

![Тоқаев медицина қызметкерлеріне алғыс айтты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/03/telegramma-pozdravleniya_mediumthumb.jpg)

**Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерге ерен еңбегі үшін алғыс айтты**, **деп хабарлайды****Qazaqpress.**

«Бүгін Дүниежүзілік денсаулық күні. Қазіргідей қиын кезеңде денсаулық сақтау саласының тиімді жұмысы–адамзат өмірінде қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Пандемияның алғашқы күнінен бастап медицина қызметкерлері адам өміріне араша түсіп, коронавирусқа қарсы күрестің алдыңғы шебінде жүр

Қолжетімді және сапалы медицина жүйесі–жалпыұлттық басымдық. 2020 жылдан бастап медицина саласын қаржыландыру 1,5 есеге көбейді. 2021 ж. 1 қаңтардан бастап сала қызметкерлерінің жалақысы көтерілді. Азаматтардың денсаулығын қорғаудағы жанкешті еңбегі үшін дәрігерлерге ризашылығымды білдіремін», — деп жазды Тоқаев Twitter-де.

---

Жарияланды: 2021-04-08T05:27:45+06:00

Жаңартылды: 2021-04-08T05:27:45+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/04/08/toqaev-medicina-qyzmetkerlerine-alghys-ajtty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.