ҚР Президенті Әкімшілігіндегі Нұрлан Сауранбаев қызметінен босатылды

ҚР Президенті Әкімшілігіндегі Нұрлан Сауранбаев қызметінен босатылды

Нұрлан Сауранбаев қызметінен босатылды, деп хабарлайды Qazaqpress Akorda.kz-ке сілтеме жасап.

— Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды, — делінген Ақорда сайтында.

Нұрлан Сауранбаев бұл қызметті 2019 жылдың қаңтарынан бері атқарып келген еді.