---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/04/08/coj-toqaev-nelikten-spwtnik-v-vakcinasyn-saldyrghanyn-tuesindirdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Цой Тоқаев неліктен «Спутник V» вакцинасын салдырғанын түсіндірді

![Цой Тоқаев неліктен «Спутник V» вакцинасын салдырғанын түсіндірді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/03/210312192115134a3763683i.jpg)

 

**Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстан Президенті неліктен «Спутник V» вакцинасын салдырғанын түсіндірді, деп хабарлайды****Qazaqpress «Хабар 24» телеарнасына с****ілтеме жасап. **

> «Спутник V» де қазақстандық вакцина, яғни ол Қазақстанда өндірілген. Иә, субстанция Ресейде жасалды және барлық жерде, қораптың сыртында да вакцина Қазақстанда жасалған деп жазылған», — деді ДСМ басшысы.

Телеарна мәліметінше, Алексей Цой қазақстандық препарат QazVac (QazCovid-In) шығуын күтеді.

Еске салайық, кеше, 6 сәуірде Мемлекет басшысы Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған «Спутник V» вакцинасын салдырды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеген болатын.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы вакцина салдырып, ұжымдық иммунитет қалыптастыру арқылы ғана Қазақстан азаматтары коронавирусты жеңе алатынына, барлық шектеулер алынатынына, халықтың қалыпты тұрмыс-тіршілігіне қайта оралатынына сенімді.

---

Жарияланды: 2021-04-07T18:33:26+06:00

Жаңартылды: 2021-04-07T18:33:26+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/04/08/coj-toqaev-nelikten-spwtnik-v-vakcinasyn-saldyrghanyn-tuesindirdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.