Тоқаев «Спутник V» вакцинасын салдырды

Тоқаев «Спутник V» вакцинасын салдырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы вакцина салдыртты, деп хабарлайды Qazaqpress.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те жазды.

«Бүгін Мемлекет басшысы Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған «Спутник-V» вакцинасын салдырды. Президенттің вакцина салдырғаннан кейінгі хал-жағдайы жақсы. Ешқандай жанама әсерлер жоқ. Мемлекет басшысы вакцина салдырып, ұжымдық иммунитет қалыптастыру арқылы ғана Қазақстан азаматтары коронавирусты жеңе алатынына, барлық шектеулердің алынатынына, халықтың қалыпты тұрмыс-тіршілігіне қайта оралатынына сенімді. Қасым-Жомарт Тоқаев барша халықты мейлінше тезірек вакцина салдыруға шақырды. Бұл – өзіңді және жақыныңды қорғаудың жалғыз жолы», — делінген жазбада.