---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/04/07/shymkentte-14-nysan-karantin-rezhimin-buzghan/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Шымкентте 14 нысан карантин режимін бұзған

![Шымкентте 14 нысан карантин режимін бұзған](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/04/201105175525723e.jpg)

**Шымкентте соңғы тәулікте 72 адам КВИ жұқтырған, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

16 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 56 адам үй бақылауына алынған.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, шаһарда санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Өткен тәулікте қаладағы 373 нысанға тексеру жұмыстары жүргізіліп, оның ішінде 14 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталған.

> «Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1380 орын бар. Ондағы төсек-орын толымдығы – 26,7%. 1012 төсек-орын бос. Инфекциялық стационарда 368 науқас емделуде», — делінген хабарламада.

---

Жарияланды: 2021-04-07T10:09:46+06:00

Жаңартылды: 2021-04-07T10:09:46+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/04/07/shymkentte-14-nysan-karantin-rezhimin-buzghan/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.