---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/04/07/aqmola-oblysynyng-burynghy-bas-daerigeri-qamawgha-alyndy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ақмола облысының бұрынғы бас дәрігері қамауға алынды

![Ақмола облысының бұрынғы бас дәрігері қамауға алынды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/04/photo_80383.jpeg)

**Ақмола Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Сүлен Ілиясов қамауға алынды, деп хабарлайды Qazaqpress Kokshetau.asia басылымына сілтеме жасап.**

Шенеунікті 1 сәуірде екі ай мерзіміне қамауға алды.

Порталдың мәліметіне сүйенсек, Ақмола облысының бұрынғы бас дәрігері өзіне сеніп тапсырылған мүлікті қызмет бабын пайдалана отырып аса ірі мөлшерде жымқырған деген күдікке ілінді.

> — Расталмаған мәлімет бойынша, Сүлен Ілиясов мемлекеттік ауруханаларда жетіспейтін жасанды тыныс алу аппараттарын жеке медициналық ұйымдарға берген. Сондай-ақ, бюджет есебінен салынған клиниканы коммерциялық құрылымға өткізді деген күдікке ілінді, — деп хабарлайды Kokshetau.asia.

Іспен ҚР Бас прокуратурасының жедел-тергеу тобы айналысады. Ілиясовты тұтқындау туралы құжатта ол бостандықта жүргенде объективті тергеуге кедергі келтіруі немесе жасырынуы мүмкін екені көрсетілген.

Айта кетейік, Ілиясов екі ай бұрын қызметінен кеткен. Ол бұл қызметке 2020 жылдың ақпанында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың өкімімен тағайындалды.

---

Жарияланды: 2021-04-07T09:05:18+06:00

Жаңартылды: 2021-04-07T09:05:18+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/04/07/aqmola-oblysynyng-burynghy-bas-daerigeri-qamawgha-alyndy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.