---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/04/06/zhezqazghanda-bank-qyzmetkeri-kassadan-29-million-tengge-urlap-ketken/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жезқазғанда банк қызметкері кассадан 29 миллион теңге ұрлап кеткен

![Жезқазғанда банк қызметкері кассадан 29 миллион теңге ұрлап кеткен](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/04/photo_61155.jpg)

**Жезқазғанда банк қызметкері кассадан 29 миллион теңгені жымқырып кеткен, деп хабарлайды****Qazaqpress****Polisia.kz****-ке сілтеме жасап.**

10 ақпанда Жезқазған қаласындағы Полиция басқармасының кезекші бөліміне қалалық банктердің бірінен 25 жастағы қызметкер ақша ұрлады деген хабарлама түскен. Келтірілген шығын 29 миллион теңге.

Оқиға болған жерге келген полиция қызметкерлері ақшаның банкке тиесілі екенін, ер адам жұмыс орнында жазба қалдырғанын анықтады.

Бір жарым айдан кейін жедел уәкілдер күдіктіні ұстады. Ол өзінің кінәсін толығымен мойындап, ақшаны өз қажеттілігіне толық жұмсап жібергенін айтқан. Анықталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР ҚК-ның 189-бабы 2-бөлімі («Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе ысырап ету») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

---

Жарияланды: 2021-04-06T11:01:37+06:00

Жаңартылды: 2021-04-06T11:01:37+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/04/06/zhezqazghanda-bank-qyzmetkeri-kassadan-29-million-tengge-urlap-ketken/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.