---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/04/05/toqaev-prezident-aekimshiligindegi-zhanga-lawazymdy-bekitti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев Президент Әкімшілігіндегі жаңа лауазымды бекітті

![Тоқаев Президент Әкімшілігіндегі жаңа лауазымды бекітті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/photo_345798.jpeg)

**Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды****Qazaqpress Ақорда сайтына сілтеме жасап.**

> Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету, мемлекеттік билік органдарының сыртқы саясат саласындағы қызметінің тиімділігін арттыру және Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық бастамаларын ілгерілету мақсатында қаулы етемін:
> 
> 
> 
> 
> Қоса бекітілсін:

- > Қазақстан Республикасы Президентiнiң халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі туралы ереже;
- > Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

Үкіметке осы Жарлықтан туындайтын шараларды белгіленген тәртіппен қабылдау тапсырылды. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі мемлекеттік саяси қызметі енгізілді.

Арнаулы өкілді Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі басшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

Арнайы өкіл Қазақстан Республикасының Президентіне есеп береді.

---

Жарияланды: 2021-04-05T08:27:00+06:00

Жаңартылды: 2021-04-05T08:27:00+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/04/05/toqaev-prezident-aekimshiligindegi-zhanga-lawazymdy-bekitti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.