---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/04/05/nur-sultan-men-almaty-arasynda-cifrlyq-quzhattarmen-usha-berwge-bolady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Нұр-Сұлтан мен Алматы арасында цифрлық құжаттармен ұша беруге болады

![Нұр-Сұлтан мен Алматы арасында цифрлық құжаттармен ұша беруге болады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/04/horoshiy-chemodan-prosluzhit-mnogo-let-1024x682-1.jpg)

**Бүгін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ҚР Цифрлық даму министрлігімен, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әуежайларымен бірлесіп, «Air Astana» әуе компаниясының Нұр-Сұлтан-Алматы және Алматы-Нұр-Сұлтан бағыттарындағы рейстерінде цифрлық құжаттарды пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске қосты,** **деп хабарлайды ****Qazaqpress Zakon.kz-ке сілтеме жасап.**

Бүгіннен бастап электрондық жеке куәлікті EGOV mobile қосымшасы арқылы көрсетілген әуежайларда тіркеу, тексеру және отырғызу пункттерінде қолдануға болады.

Дегенмен, жолаушыларда жеке куәліктерінің түпнұсқасы да болғаны жөн. Өйткені, пилоттық жоба кезінде цифрлық құжаттар жолаушының мәртебесін тексерудің балама нұсқасы болады.

EgovMobile-дағы «цифрлық құжаттар» қызметімен генерацияланған QR-code есептеу бойынша «Е-document» бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесі Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайымен бірлесіп әзірленді.

Жоба Мемлекет басшысының жеке куәліктер, дипломдар мен құқықтарды электрондық түрде беру жөніндегі процестерді цифрландыру және мемлекеттік органдардың жұмысына енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында енгізілді.

---

Жарияланды: 2021-04-05T12:34:31+06:00

Жаңартылды: 2021-04-05T12:35:48+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саяхат](https://qazaqpress.kz/category/sayahat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/04/05/nur-sultan-men-almaty-arasynda-cifrlyq-quzhattarmen-usha-berwge-bolady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.