---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/04/04/almatyda-eki-qabatty-ghimarat-oertendi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда екі қабатты ғимарат өртенді

![Алматыда екі қабатты ғимарат өртенді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/04/210404142850666e.jpg)

**Алматыда Рысқұлов көшесіндегі екі қабатты ғимараттан өрт шықты, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 сәуір күні түскі сағат 13:22-та Алматы ТЖД кезекші бөліміне Алатау ауданы, Рысқұлов даңғылы көшесінде орналасқан ғимараттың өртеніп жатқаны туралы ақпарат түсті.

> «ТЖД күш-құралдары жоғары дәрежелі шақырту бойынша Алатау ауданы, Рысқұлов даңғылы, 258 мекенжайына жіберілді. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келгенде екі қабатты ғимараттың ашық жалынмен жанып жатқаны анықтады. Газ-түтіннен қорғау қызметінің буынымен барлау барысында ғимараттің ішінде адамдар табылған жоқ, өрт оқпандары беріліп, өрт автоцистерналары өрт гидранттарына орнатылды, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Өрт болған жерге 18 техника мен 60 адам жұмылдырылды», — деп хабарлады департаменттен.

Өрт сағат 14.17 кезінде толық сөндірілді. Оқиға орнынан 25 л газ баллоны эакуацияланды.

Ешкім зардап шеккен жоқ.

---

Жарияланды: 2021-04-04T12:06:48+06:00

Жаңартылды: 2021-04-04T12:06:48+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/04/04/almatyda-eki-qabatty-ghimarat-oertendi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.