Алматыда бір күнде 10 мыңға жуық адам вакцина алды

Алматыда бір күнде 10 мыңға жуық адам вакцина алды

Алматы қаласында бір тәулікте 9 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«3 сәуір күні 9 975 алматылыққа коронавирусқа қарсы екпе салынды», — деп хабарлады Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Осылайша, 2 және 3 сәуірде Алматыда 16 985 адамға вакцина егілді.

Қазір қалада 56 вакцина пункті жұмыс істеп тұр.