---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/04/03/mma-zhaene-sambodan-qazaqstan-chempiony-atyraw-bazarlarynda-reketpen-ajnalysqany-ueshin-sottaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# ММА және самбодан Қазақстан чемпионы Атырау базарларында рэкетпен айналысқаны үшін сотталды

![ММА және самбодан Қазақстан чемпионы Атырау базарларында рэкетпен айналысқаны үшін сотталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/04/c72593a0-57b5-43d1-8639-b43990decf01.jpeg)

**Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қала базарларында бопсалаумен айналысқан рэкетир-спортшыларға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды****Qazaqpress ****Azh.****kz-****ке сілтеме жасап.**

Сот процесі барысында жекпе-жектің әр түрін жақсы меңгерген ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы, сотталушы А.У., 2012 жылы Атырауда үш адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, келесі 8 жыл ішінде «Дина» және «Көктем» базарларындағы ОҚО саудагерлерінен «алым» жинап, бас тартқан жағдайда, тауарларды жоямыз, ұрып-соғамыз немесе өлтіреміз деп қорқытқаны анықталды.

> «Сотталушылардың кінәсі сот барысында қаралған дәлелдер жиынтығымен толық расталды. Үкім шыққан кезде, сотталушылардың қылмыстық іс-әрекеттерімен жәбірленушілерге ірі көлемде залал келтірілгені, қылмыс ұйымдасқан топтың құрамында жасалғаны және олардың жасаған істеріне өкінбейтіні ескерілді», — деп атап өтті сот.

33 жастағы ҰҚТ басшысы 7 жыл 1 айға, оның екі «бағыныштысы» әрқайсысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар жазаларын қатаң режимдегі колонияда өтейді.

«AЖ» мәліметінше, қылмыстық топтың басшысы «жекпе-жек», каратэ, жауынгерлік самбо, джи-джитсу және панкратион бойынша Қазақстан чемпионы. Халықаралық ММА жарыстарында Қазақстанның намысын қорғаған. 2015 жылдың көктемінде Қытайда америкалыққа қарсы турнирде соңғы жекпе-жегін өткізіп, техникалық нокаутпен жеңіске жеткен. Сол кезде ол қала базарларын «ұстап тұрған» екен.

---

Жарияланды: 2021-04-03T08:10:50+06:00

Жаңартылды: 2021-04-03T08:10:50+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/04/03/mma-zhaene-sambodan-qazaqstan-chempiony-atyraw-bazarlarynda-reketpen-ajnalysqany-ueshin-sottaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.