---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/04/03/aqtoebe-oblysynda-karantin-kueshejtildi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ақтөбе облысында карантин күшейтілді

![Ақтөбе облысында карантин күшейтілді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/04/200404151536a3633778d-780x470-1.jpg)

**Ақтөбе облысында карантин күшейтілді****, деп хабарлайды****Qazaqpress Tengrinews.kz****-ке сілтеме жасап.**

Өңірдің бас санитария дәрігерінің қаулысы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында жарияланды.

Қаулыға сәйкес, банктер, ХҚКО, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері жұмыс күндері және сенбіде сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейді, ал жексенбі күндері жабық.

— Сауна, моншалар жексенбіден басқа жұмыс күндері және сенбі күндері ішкі тәртіпке сәйкес талаптарды сақтай отырып жұмыс істейді.

— Сұлулық салондары, шаштараздар, СПА-орталықтар, косметологиялық қызмет көрсететін нысандар алдын ала жазылу бойынша ішкі тәртіпке сәйкес жұмыс күндері және сенбі күндері жұмыс істейді.

— Жабық спорт нысандары (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары), фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтар да алдын ала жазылу бойынша жұмыс күндері ішкі тәртіпке сәйкес жұмыс істейді, сенбі және жексенбі күндері жабық.

— Бассейндерге сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады. Қалған күндері алдын ала жазылу бойынша ішкі тәртіпке сәйкес істейді.

— Сауда орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері жұмыс күндері және сенбі күндері ішкі тәртіпке сәйкес жұмыс істейді (балалардың ойын алаңдары мен аттракциондарының қызметіне тыйым салынады), жексенбі күндері жабылады.

— Азық-түлік емес тауарлардың барлық түрін сататын дүкендер жұмыс күндері және сенбі күндері ішкі тәртіпке сәйкес жұмыс істейді, жексенбі күндері тыйым салынады.

— Даладағы азық-түлік және азық-түлік емес базарлар ішкі тәртіпке сәйкес жұмыс күндері және сенбі күндері жұмыс істей алады, жексенбі жабылуы тиіс.

— Жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар жұмыс күндері және сенбі күндері жұмыс істей алады, жексенбіде жабылады.

---

Жарияланды: 2021-04-03T13:28:50+06:00

Жаңартылды: 2021-04-03T13:28:50+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/04/03/aqtoebe-oblysynda-karantin-kueshejtildi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.