---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/04/02/toqaev-samuryq-qazyna-basshysyna-birneshe-tapsyrma-berdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев «Самұрық-Қазына» басшысына бірнеше тапсырма берді

![Тоқаев «Самұрық-Қазына» басшысына бірнеше тапсырма берді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/04/daa-8015-2_mediumthumb.jpg)

**Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады, деп хабарлайды****Qazaqpress**** ****Ақорда**** сайтына сілтеме жасап.**

Қасым-Жомарт Тоқаевқа қордың жұмысы жайында есеп берілді. Сондай-ақ ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының әлеуметтік орнықтылығын және қаржылық  тұрақтылығын қамтамасыз етуге қатысты Президенттің бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндалды.

Алмасадам Сәтқалиев Мемлекет басшысына «жасыл экономиканы» дамытуға байланысты салынатын жаңа құрылыс нысандарының жоспары, қор активтерін жекешелендіру мәселесі жөнінде айтты.

Кездесу соңында Президент «Самұрық-Қазына» қорының стратегиялық дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

---

Жарияланды: 2021-04-02T14:11:28+06:00

Жаңартылды: 2021-04-02T14:11:28+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/04/02/toqaev-samuryq-qazyna-basshysyna-birneshe-tapsyrma-berdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.