---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/04/02/qasym-zhomart-toqaev-ulttyq-bank-toeraghasyn-qabyldady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасын қабылдады

![Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасын қабылдады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/04/daa-7965-2_mediumthumb.jpg)

**Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Qazaqpress Akorda.kz-ке сілтеме жасап.**

Мемлекет басшысына биылғы жылдың І тоқсанындағы ақша-кредит саясатын іске асырудың алдын ала қорытындысы туралы баяндалды. Ұлттық банк төрағасы әлемдік экономиканы қалпына келтіру барысында негізгі ықтимал сын-қатерлер жайында айтты.

Президентке еліміздің 2020 жылға арналған төлем балансы, жалпы халықаралық резервтердің жағдайы, алтын қорын хеджирлеу тәсілдері жөнінде мәлімет берілді.

Ерболат Досаев Мемлекет басшысының Қазақстан азаматтарының зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану және Ұлттық төлем жүйесін құру тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндап, тұрғын үй саясатын реформалауға қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді.

 

---

Жарияланды: 2021-04-02T08:26:13+06:00

Жаңартылды: 2021-04-02T08:26:13+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/04/02/qasym-zhomart-toqaev-ulttyq-bank-toeraghasyn-qabyldady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.