Доллар бағамы түсті

Доллар бағамы түсті

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2 сәуірдегі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 426,84 теңгені құрады, деп хабарлайды Qazaqpress KASE-ге сілтеме жасап.

Доллар бағамы демалыс күндерімен салыстырғанда 0,10 теңгеге құлдырады.

Kurs.kz мәліметі бойынша, қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатудың орташа курсы 427,47 теңге, ал сатып алу – 425,88 теңге.

Нұр-Сұлтан қаласының ақша айырбастау орындарында америкалық валютаны орта есеппен 426,73 теңгеден сатады, 425,51 теңгеден сатып алады.