---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/04/02/baqytzhan-saghyntaev-almatyda-epidemiologiyalyq-zhaghdaj-kuerdeli/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Бақытжан Сағынтаев: Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрделі

![Бақытжан Сағынтаев: Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрделі](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/04/2019030116140880000_d5b37a069b80e479.jpg)

**Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтып берді, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

> «Қаладағы эпидемиологиялық жағдайға келер болсақ, жағдай күрделі. Күнделікті өсім байқалады. Өткен тәулікте 595 адамнан коронавирус анықталды. Оның 497 симптомды, 98 симптомсыз. Алматыдан жаңа штамдар шықты. Бұл ауру санының өсіміне әкеліп отыр», — деді әкім.

Оның айтуы бойынша, ауруханаларда 2945 адам ем қабылдап жатыр.

> «Қалада вирус жұқтырғандарды қабылдайтын 7011 төсек-орын әзірленген. Олар 1, 2 және 3-эшелонға бөлінген. Бірінші және екінші эшелон бойынша ауыр жағдайдағы науқастарды қабылдаймыз. Қазір 7 мың төсек-орынның 5 430 төсек-орны іске қосылған және оның 51 пайызы толды», — деді Сағынтаев.

---

Жарияланды: 2021-04-02T07:10:45+06:00

Жаңартылды: 2021-04-02T07:10:45+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/04/02/baqytzhan-saghyntaev-almatyda-epidemiologiyalyq-zhaghdaj-kuerdeli/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.