---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/31/oralda-tabighi-gazdan-wlanghan-6-adam-awrwhanagha-tuesti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Оралда табиғи газдан уланған 6 адам ауруханаға түсті

![Оралда табиғи газдан уланған 6 адам ауруханаға түсті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/photo_78948.jpeg)

**Оралда табиғи газдан уланған 6 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 31 наурыз күні таңмен Мәскеу көшесі 43-мекенжайында болды.

Сағат 09.24-те жедел жәрдем шақырылып, бригада 5 минуттан кейін жетті.

39 жастағы әйел 11 жасар қызы, 5 жасар және бір жасқа толмаған ұлдарымен орта дәрежелі табиғи газдан уланған. Балалар анасымен бірге облыстық көпбейінді балалар ауруханасына апарылды.

Сондай-ақ орта дәрежелі табиғи газдан уланған 65 жастағы ер және 64 жастағы әйел адам қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

---

Жарияланды: 2021-03-31T09:38:01+06:00

Жаңартылды: 2021-03-31T09:38:01+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/31/oralda-tabighi-gazdan-wlanghan-6-adam-awrwhanagha-tuesti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.