---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/31/aleksej-coj-koronavirwsqa-qarsy-otandyq-vakcinanyng-qashan-shygharylatynyn-ajtty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алексей Цой коронавирусқа қарсы отандық вакцинаның қашан шығарылатынын айтты

![Алексей Цой коронавирусқа қарсы отандық вакцинаның қашан шығарылатынын айтты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/13d60cff948702a47675543a77083bf0.jpg)

**Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы отандық вакцина туралы түсінік берді, деп хабарлайды****Qazaqpress****ҚазАқпарат****қа сілтеме жасап.**

> «Қазақстандық вакцина клиникалық зерттеудің үшінші кезеңінде, яғни вакцина регламенттік мерзіммен зерттеліп келеді. Атап айтқанда, клиникалық зерттеудің барлық кезеңінен өтетін кез келген вакцина осы рәсімнен өтеді. Уақыт бойынша бұл вакциналар ұқсас мерзімде зерттеумен қамтылады. Отандық вакцинаның сынақ мерзімі аяқталуға жақындады, осы орайда тиісті құжаттарды алғаннан кейін, оны екпе күйінде өткізуге рұқсат етеміз деп жоспарлап отырмыз. Шамамен, сәуір айының соңы белгіленген. Клиникалық зерттеудің қорытындысы бойынша әзірлеуші бізге барлық құжаттарды енгізеді деп күтіп отырмыз. Осы құжаттардың нәтижесінде шешім қабылданып, вакцина жаппай пайдалануға рұқсат етіледі», — деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде.

---

Жарияланды: 2021-03-31T03:44:46+06:00

Жаңартылды: 2021-03-31T03:44:46+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/31/aleksej-coj-koronavirwsqa-qarsy-otandyq-vakcinanyng-qashan-shygharylatynyn-ajtty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.