---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/30/atyrawda-zhumysyna-ketip-zhoghalghan-kuezetshining-muerdesi-zhajyqtan-tabyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Атырауда жұмысына кетіп, жоғалған күзетшінің мүрдесі Жайықтан табылды

![Атырауда жұмысына кетіп, жоғалған күзетшінің мүрдесі Жайықтан табылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/03/210329231956971a3769621i.jpg)

**Атырауда жұмысына шығып кетіп, жоғалған күзетшінің мүрдесі Жайықтан табылды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Бұдан бұрын 6 наурызда кешкі сағат 19:00 шамасында үйінен жұмысына шығып кетіп, із-түзсіз жоғалған 54 жастағы күзетші іздестіріліп жатқанын хабарланған болатын.

Күзетшінің жоғалғаны туралы полицияға 9 наурызда қарындасынан хабар түскен.

> «Із-түзсіз жоғалған азаматтың денесі 26 наурызда сағат 20:00 шамасында Алмалы елді мекені маңындағы Бугорки саяжайы тұсынан, Жайық өзенінен табылды. Мүрдені қарау кезінде дене жарақаты болмады» — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Белгілі болғандай, өңірде жыл басынан хабар-ошарсыз кеткен 12 тұлға іздестірілген. Жоғалғандардың 9-ы табылған. Ал, 3-і әлі іздестіріліп жатыр.

---

Жарияланды: 2021-03-29T21:00:01+06:00

Жаңартылды: 2021-03-29T21:00:01+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/30/atyrawda-zhumysyna-ketip-zhoghalghan-kuezetshining-muerdesi-zhajyqtan-tabyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.