---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/29/fwtboldan-qazaqstan-quramasynan-koronavirws-anyqtaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Футболдан Қазақстан құрамасынан коронавирус анықталды

![Футболдан Қазақстан құрамасынан коронавирус анықталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/03/6060afa972020.jpg)

**Футболдан Қазақстан құрамасы штабындағы бірнеше адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды,** **деп хабарлайды Qazaqpress Zakon.kz-ке сілтеме жасап. **

Бұл туралы телеграм-каналында журналист Айдын Қожахмет жазды.

Оның дерегінше, бірнеше ойыншы коронавирус жұқтырған мамандармен қатынаста болған.

> – Қазақстан құрамасы штабындағы бірнеше адам коронавирус жұқтырды. Нақты айтқанда бапкер Сергей Калюбин мен команданың администраторы Максим Шауберттің жұқтырғаны расталды. Енді кімнің оқшаулануға кететіні мен Киевке кімдердің ұшатыны белгісіз. Науқастармен бапкерлер штабының басқа мүшелері де, команда персоналы, тіпті ойыншылар да қатынаста болған, – деп жазады Қожахмет.

Украинаға қарсы ойын 31 наурыздан 1 сәуірге қараған түні Нұр-Сұлтан уақытымен 00:45-те Киевте өтуі тиіс.

---

Жарияланды: 2021-03-29T12:23:13+06:00

Жаңартылды: 2021-03-29T12:23:13+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Спорт](https://qazaqpress.kz/category/sport/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/29/fwtboldan-qazaqstan-quramasynan-koronavirws-anyqtaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.