---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/29/baqytzhan-saghyntaev-almatyny-zhabw-zhosparymyzda-zhoq/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Бақытжан Сағынтаев: Алматыны жабу жоспарымызда жоқ

![Бақытжан Сағынтаев: Алматыны жабу жоспарымызда жоқ](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/03/i5xx60a2.jpg)

**Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев блокбекеттер орнату және қаланы карантинге жабуға қатысты сұрақтарға жауап берді****, деп хабарлайды****Qazaqpress****.**

> «Біз Алматы қаласының кәсіпкерлерімен эпидемиологиялық ахуалды және карантин шектеулерінің тиімділігін талқыладық. Біз әртүрлі нұсқаларды қарастырып жатырмыз. Енді біз бизнеске көмектесудің жолдарын қарастырамыз. Қазір қаланың бюджет тарапынан қандай қолдау шараларын жүзеге асыратынымызды шешеміз. Жұмыс тобы құрылды. Оны талқылап, сейсенбі күні Үкіметте ұсынамыз.
> 
> 
> 
> 
> Қала жабылмайды. Қаланы жабу жоспары жоқ. Осыған дейін қабылданған шектеу шаралары әсер етіп, жағдайдың тұрақтануына ықпал етеді деген үміттемін. 20 наурыздан бастап шектеу шаралары енгізілді. Кеше бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы шықты. Карантин шектеулерін тағы екі аптаға созу шешімі қабылданды. Барлығы өзімізге байланысты. Карантин талаптарын қатаң сақтау керек, бетперде киіп, әлеуметтік арақашықтықты сақтап, көпшілік іс-шаралар өткізуден және көп шоғырланған жерлерге барудан аулақ болу керек», — деді әкім.

---

Жарияланды: 2021-03-29T03:42:15+06:00

Жаңартылды: 2021-03-29T03:42:15+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/29/baqytzhan-saghyntaev-almatyny-zhabw-zhosparymyzda-zhoq/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.