---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/29/ayazhan-edilovany-oeltirdi-degen-kuedikti-awrwhanadan-shygharyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Аяжан Еділованы өлтірді деген күдікті ауруханадан шығарылды



**19 жастағы Аяжан Еділованың өліміне күдікті ретінде ұсталған 28 жастағы ер адам өзін-өзі өлтіру әрекетінен кейін қалпына келіп, ауруханадан шығарылды****, деп хабарлайды****Qazaqpress****Tengrinews.****kz****-ке сілтеме жасап.**

Бұл ақпаратты Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі растады.

Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі мәліметіне сүйенсек, күдікті ауруханадан шығарылды. Сот күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын таңдағандықтан, оны сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезеңінде қамауға алу орнына ауыстырды.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктіге 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін.

Айта кетейік, 19 наурызда Алматы қаласының тұрғыны Аяжан Еділова жұмыстан шығып, үйіне оралмаған. Бірнеше күннен кейін Алматы полиция департаменті қыздың қаза тапқанын хабарлады. Жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында бойжеткеннің жоғалып кеткен күні жаңа танысымен кездесуге кеткені анықталды. Бұл туралы Алматы қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров мәлімдеді. Күдікті ретінде 1993 жылы туған азамат, Түркістан облысының тұрғыны ұсталды.

---

Жарияланды: 2021-03-29T10:45:44+06:00

Жаңартылды: 2021-03-29T10:45:44+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/29/ayazhan-edilovany-oeltirdi-degen-kuedikti-awrwhanadan-shygharyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.