---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/28/sqo-zholdarynda-zhyl-basynan-beri-3-bala-zardap-shekti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# СҚО жолдарында жыл басынан бері 3 бала зардап шекті

![СҚО жолдарында жыл басынан бері 3 бала зардап шекті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/210118200829539a3742483i.jpg)

**Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер көктемгі демалыс қарсаңында мектеп оқушыларымен кездесіп, жолда жүру ережелерін пысықтады, деп хабарлайды****Qazaqpress****ҚазАқпарат****қа сілтеме жасап****.**

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан өңір жолдарында үш бала зардап шекті. Оқыс оқиғалар қайталанбауы үшін демалыс қарсаңында полицейлер мектеп оқушыларымен кездесті. Сынып сағатының тақырыбы — жолдағы қауіпсіздік. Бұл тақырып қашанда өзекті. Тәртіп сақшыларының айтуынша, жолдағы қозғалысты реттейтін полицейдің қимылдарын тіпті ересектердің өздері де біле білмейді.

Ю.Гагарин атындағы № 14 орта мектепте жергілікті полиция қызметінің инспекторы Марат Темірбеков төртінші сынып оқушыларына таяқшаның әр позициясы нені білдіретінін егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Балалар сыныпта өздерін реттеуші рөлінде сынап көрді.

> «Ережелерді қайталадық. Жолды тек бағдаршамның жасыл түсі жанғанда, жан-жаққа қарап, қауіпсіздікке көз жеткізгеннен кейін ғана өту қажеттігін еске салдым. Қазір жиі кездесетін мәселе – көшеде құлаққап тағып алып жүру. Бұл өте қауіпті. «Зебраға» жақындағанда да, жақын маңда машинаның жоқтығын көріп немесе ол тоқтаған кезде ғана өткен дұрыс», — дейді Марат Темірбеков.

Ал «Оңтүстік» бақылау-өткізу бекетінде тәртіп сақшылары жүргізушілерге профилактикалық буклеттер мен жадынамалар таратты. Басты ұсыныс — жаяу жүргіншілер өткелі жанында жылдамдықты азайту, баланы тек арнайы арбада тасымалдау.

Жыл басынан жаяу жүргіншілердің кінәсінен СҚО-да 3 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 1 адам қайтыс болды, 2 адам жарақат алды.

---

Жарияланды: 2021-03-28T08:58:00+06:00

Жаңартылды: 2021-03-28T08:58:00+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/28/sqo-zholdarynda-zhyl-basynan-beri-3-bala-zardap-shekti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.