---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/28/qyzylordada-zhoghalghan-uesh-zhasoespirimning-ekewi-tabyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қызылордада жоғалған үш жасөспірімнің екеуі табылды

![Қызылордада жоғалған үш жасөспірімнің екеуі табылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/03/photo_79975.jpeg)

**Қызылордада жоғалып кеткен үш қыздың екеуі табылды****, деп хабарлайды****Qazaqpress Tengrinews.kz****-ке сілтеме жасап.**

Үшіншісін іздеу жұмыстары жүріп жатыр.

Қызылордадағы «Атамекен» балалар ауылынан ескертусіз кетіп қалған кәмелетке толмаған қыздарға қатысты іздестіру шарасы барысында 27 наурыз күні кешке Алматыда екі жасөспіріп табылды.

> «Олар қала тұрғындарының қырағылығы, полицейлердің сауатты жұмысы және әлеуметтік желілер мен БАҚ-қа жаппай хабар тарату арқасында табылды», — деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі өкілдері.

Қазіргі уақытта қыздар Алматыдағы балалар үйіне жеткізілді. Үшінші кәмелетке толмаған қыздың қайда екен анықталып жатыр.

Айта кетейік, Қызылордадағы «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылының үш тәрбиеленушісі бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен болатын.

---

Жарияланды: 2021-03-28T07:21:47+06:00

Жаңартылды: 2021-03-28T07:21:47+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/28/qyzylordada-zhoghalghan-uesh-zhasoespirimning-ekewi-tabyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.