---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/28/almatyda-qatang-karantin-12-saewirge-dejin-uzartyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда қатаң карантин 12 сәуірге дейін ұзартылды

![Алматыда қатаң карантин 12 сәуірге дейін ұзартылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/2020120810344192174_zolotuhin3.jpg)

**Алматыда карантин шаралары 12 сәуірге дейін ұзартылды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы жарияланды.

Қаулыға сәйкес, ЖОО мен колледж студенттері, жалпы білім беретін мектеп оқушыларын қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.

Сондай-ақ ата-анасының өтініші бойынша жалпы білім беретін мектептердің 1-5, 9 және 11-сыныптарда бала саны 15-ке дейін болатын кезекші топтарды құруға рұқсат берілгені белгілі болды.

> «Алматы каласының Дін істері жөніндегі басқармасы мешіттердің, шіркеулердің және басқа да діни орындардың жұмысындағы шектеулердің сақталуына күнделікті мониторинг жүрізуді қамтамасыз етсін», — делінген қаулыда.

Көңіл көтеру мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік, түнгі клубтар мен ойын клубтары, боулинг орталықтары, балалар спорты мен ойын алаңдары, аттракциондар, батуттар және букмекерлік кеңселер мен лотереялық клубтардың) қызметіне тыйым салынады.

---

Жарияланды: 2021-03-27T19:14:55+06:00

Жаңартылды: 2021-03-27T19:14:55+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/28/almatyda-qatang-karantin-12-saewirge-dejin-uzartyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.