---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/27/qazaqstanda-koronavirwstyng-ulybritaniyalyq-zhaene-ongtuestikafrikalyq-mwtaciyasy-rastaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстанда коронавирустың «ұлыбританиялық» және «оңтүстікафрикалық» мутациясы расталды

![Қазақстанда коронавирустың «ұлыбританиялық» және «оңтүстікафрикалық» мутациясы расталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/03/photo_355651.jpeg)

**Қазақстанда SARS-CoV-2-нің «ұлыбританиялық» және «оңтүстікафрикалық» мутациясы анықталды,****деп хабарлайды****Qazaqpress Tengrinews.kz****-ке сілтеме жасап.**

Бұл туралы Алматыдағы Халықаралық вакцинология орталығының басшысы Қайсар Табынов мәлімдеді.

19 наурызда денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Алматыда COVID-19 талдауының үлгілерінде «ұлыбританиялық», «оңтүстікафрикалық», «бразилиялық» штамдарға ұқсас мутациялар анықталғанын хабарлаған болатын.

> «Аталған мутациялардың бар екенін растау үшін бұл үлгілер ҚазҰАЗУ халықаралық вакцинология орталығына берілді. Университет қызметкерлерінің, сондай-ақ TreeGene генетикалық зертханасының жедел және үйлесімді жұмысының арқасында қысқа мерзім ішінде COVID-19-ға оң нәтиже көрсеткен екі үлгінің толық S гені жүйеленді», — деді Табынов.

Оның айтуынша, зерттеу нәтижелері бір S үлгісінде геннің құрамында B.1.1.7 «ұлыбританиялық штамына» тән амин қышқылдарының алмастырғыштары мен амин делекциясы бар екенін көрсетті. Екінші сынамада S генінде «оңтүстікафрикалық штамға» тән B. 1.351 аминқышқыл алмастырғыштары мен аминқышқыл делециялары бар.

> «Осылайша,** **Қазақстанда ұлыбританиялық және оңтүстікафрикалық мутацияға ұшыраған SARS-CoV-2 вирустары анықталды. Мұндай мутациясы бар вирустар жұқпалы болатыны белгілі», — деді ғалым.** **

Оның айтуынша, енді бұл вирустар ғалымдарға COVID-19-ға қарсы отандық және шетелдік вакциналар мен дәрі-дәрмектердің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

---

Жарияланды: 2021-03-27T08:31:56+06:00

Жаңартылды: 2021-03-27T08:31:56+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/27/qazaqstanda-koronavirwstyng-ulybritaniyalyq-zhaene-ongtuestikafrikalyq-mwtaciyasy-rastaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.