---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/27/nur-sultan-qabanbaj-batyr-avtozholyndaghy-apat-zardap-shekken-7-adamnyng-ekewi-bala/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр» автожолындағы апат: Зардап шеккен 7 адамның екеуі &#8212; бала

![«Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр» автожолындағы апат: Зардап шеккен 7 адамның екеуі &#8212; бала](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/210118200829539a3742483i.jpg)

**Ақмола облысының Целиноград ауданы аумағында жол-көлік оқиғасы болып, 7 адам зардап шекті****, деп хабарлайды****Qazaqpress****ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Ведомствоның мәліметінше, жол апаты наурыздың 23-де Нұра ауылынан 10 шақырым жерде, яғни «Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр» автожолының 48 шақырымында орын алған. Бұл туралы сол күні сағат 10:05 Целиноград аудандық ПБ кезекші бөліміне жедел жәрдем фельдшері хабарлап айтқан.

> «Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары анықтағандай, Нұр-Сұлтан қаласы бағытында жүріп бара жатқан Қарағанды облысының 36 жастағы тұрғыны «Газель» көлігімен жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, 44 жастағы астаналық басқарған «Lada Largus» көлігімен соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушылары (барлығы 7 адам, оның екеуі бала) зардап шегіп, Нұр-Сұлтан қаласының №2 қалалық ауруханасына жеткізілді», — деді ведомстводан.

Қазіргі кезде, осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 345 бабы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

---

Жарияланды: 2021-03-27T08:55:47+06:00

Жаңартылды: 2021-03-27T08:55:47+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/27/nur-sultan-qabanbaj-batyr-avtozholyndaghy-apat-zardap-shekken-7-adamnyng-ekewi-bala/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.