---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/26/qajrat-nurtas-karantin-talabyn-buzghany-ueshin-zhazalandy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қайрат Нұртас карантин талабын бұзғаны үшін жазаланды

![Қайрат Нұртас карантин талабын бұзғаны үшін жазаланды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/03/605cacfe494e8937129233.jpg)

**Қазақстандық әнші Қайрат Нұртас карантин режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабұловтың айтуы бойынша, әншіге 30 АЕК, яғни 87 510 теңге айыппұл салынды.

> «Алматы қаласындағы рейд барысында мониторингтік топ ойын-сауық мекемелерінің бірінде 80-нен астам адамның қатысуымен өтіп жатқан туған күнді анықтады. Келушілер арасында Қайрат Нұртас та болды, ол да басқалармен бірге әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшін полиция басқармасына жеткізілді. Барлығына 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды», — деп атап өтті Сәдуақас Байғабұлов.

---

Жарияланды: 2021-03-26T07:02:32+06:00

Жаңартылды: 2021-03-26T07:02:32+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Мәдениет](https://qazaqpress.kz/category/maedeniet/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/26/qajrat-nurtas-karantin-talabyn-buzghany-ueshin-zhazalandy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.