---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/26/premer-ministr-kengsesi-basshysynyng-orynbasary-taghajyndaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары тағайындалды

![Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары тағайындалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/03/sh-05473.jpg)

**ҚР Премьер-Министрінің Өкімімен Олжас Әбдімомынұлы Жұмағұлов ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары болып тағайындалды,** **деп хабарлайды Qazaqpress.**

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Олжас Жұмағұлов 1990 жылы Алматы қаласында туған.

Американдық университетті, Лондон экономика мектебін, Лондонның Корольдік колледжін бітірген.

2013-2016 жж. ҚР Экономика және сауданы дамыту министрлігінде түрлі лауазымдар атқарды.

2016-2018 жж. ҚР АШМ Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары, министрдің кеңесшісі болып жұмыс істеді.

2018 жылғы ақпаннан шілде айының аралығында ҚР инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі болды. 2018-2019 жж. — ҚР Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі. 2019 ж. тамыз айынан — ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі.

---

Жарияланды: 2021-03-26T05:39:41+06:00

Жаңартылды: 2021-03-26T05:39:41+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/26/premer-ministr-kengsesi-basshysynyng-orynbasary-taghajyndaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.