---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/25/toqaev-vakcina-azyq-tuelik-baghasy-zhaene-turghyn-uej-bojynsha-tapsyrma-berdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев вакцина, азық-түлік бағасы және тұрғын үй бойынша тапсырма берді

![Тоқаев вакцина, азық-түлік бағасы және тұрғын үй бойынша тапсырма берді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/03/daa-7351-2.jpg)

**Президент премьер-министр Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлайды Qazaqpress Ақордаға сілтеме жасап. **

Премьер-Министр Қазақстанда цифрлық платформа құру туралы Мемлекет басшысының берген тапсырмасының орындалу барысы жайында баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев мұқтаж азаматтарды сапалы баспанамен барынша қамтамасыз ету мақсатында Үкіметке «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын толыққанды іске асыруға қатысты проблемаларды шешуге ерекше назар аударуды тапсырды.

Үкімет жергілікті маңызы бар жоғары сапалы жолдарды жөндеу және салу мәселелерімен айналысуы керек.

Азаматтарға вакцина салуды ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету және биылғы белгіленген шекке (6 млн адам) қол жеткізу мәселесі де өзекті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Үкімет пен облыс әкімдеріне азық-түлік бағасының одан әрі өсуіне жол бермеу үшін бақылауды күшейтуді тапсырды.

---

Жарияланды: 2021-03-25T08:31:18+06:00

Жаңартылды: 2021-03-25T08:31:18+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/25/toqaev-vakcina-azyq-tuelik-baghasy-zhaene-turghyn-uej-bojynsha-tapsyrma-berdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.