---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/24/zhezqazghanda-2-zhuek-pojyzy-soqtyghysty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жезқазғанда 2 жүк пойызы соқтығысты

![Жезқазғанда 2 жүк пойызы соқтығысты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/03/210324180611934e.jpg)

**Жезқазған қаласының Комбинатская станциясында екі жүк пойызы соқтығысты, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Зардап шеккендер жоқ.

Оқиға 23 наурыз сағат 11.15-те Комбинатская станциясында болған.

> «Tranco JEZZ» ЖШС-де (Транко Жез), Комбинатская станциясында келіп жеткен жүк тиелген 17 думпкар мен Комбинатская станциясында тұрған жүк тиелген 20 думпкар пойызы соқтығысқан. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайдың мән-жайы мен себептері анықталуда», — деп хабарлады Жезқазған қалалық ТЖБ.

Алдын ала мәліметтер бойынша, тепловоздардың бірінде тежегіш жүйесі істен шыққан.

---

Жарияланды: 2021-03-24T12:49:50+06:00

Жаңартылды: 2021-03-24T12:49:50+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/24/zhezqazghanda-2-zhuek-pojyzy-soqtyghysty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.