---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/24/zhalghas-zhumaghulov-kelesi-zhekpe-zhegine-qatysty-maelimdeme-zhasady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жалғас Жұмағұлов келесі жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады

![Жалғас Жұмағұлов келесі жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/03/photo_79851.jpeg)

**Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі келесі жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды****Qazaqpress Vesti.kz****-ке сілтеме жасап.**

Ол Instagram желісінде сурет жариялап, былай деп жазыпты: «Қарсылас бар. Күні белгіленді. Тер төгіп, еңбектеніп жатырмын. Кеттік!».

Файтердің менеджері Саят Әбдірахмановтың айтуынша, Жұмағұлов 10 шілдеге жоспарланған UFC 264 турнирі аясында өнер көрсетеді. Қазақстандықтың қарсыласы да белгілі, бірақ оның есімі әзірге хабарланбайды.

Сонымен қатар, әйгілі спорт шолушысы Ариэль Хельвани UFC 264 турнирінің басты оқиғасы Конор Макгрегор мен Дастин Порьенің үшінші жекпе-жегі болуы мүмкін екенін айтты.

32 жастағы қазақ спортшы 2020 жылдың 11 шілдесінде UFC промоушенінде бірінші рет жұдырықтасып, бразилиялық Раулиан Пайваға есе жіберген. Кейін 23 қаңтарда Жалғас швециялық Алмир Альбазиден жеңілді. Оның аралас жекпе-жектегі рекорды — 13 жеңіс және бес жеңіліс.

---

Жарияланды: 2021-03-24T12:46:57+06:00

Жаңартылды: 2021-03-24T12:46:57+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Спорт](https://qazaqpress.kz/category/sport/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/24/zhalghas-zhumaghulov-kelesi-zhekpe-zhegine-qatysty-maelimdeme-zhasady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.