---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/24/toqaev-pwtinge-spwtnik-v-vakcinasynyng-qosymsha-boeligin-zhetkizw-zhajynda-oetinish-bildirdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев Путинге «Спутник V» вакцинасының қосымша бөлігін жеткізу жайында өтініш білдірді

![Тоқаев Путинге «Спутник V» вакцинасының қосымша бөлігін жеткізу жайында өтініш білдірді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/03/vladimir-putin-dlya-slaydera-akordakz_1_mediumthumb.jpg)

**Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Qazaqpress Ақордаға сілтеме жасап.**

Мемлекет басшылары сауда-экономикалық және әскери-техникалық ынтымақтастықтың қазіргі ахуалына, сондай-ақ, Қазақстанда цифрлық платформа құру туралы қол жеткізілген уағдаластыққа жоғары баға берді.

Қазақстан Президенті ұшақ құрастыру, автокөлік жасау, химия индустриясы салаларындағы бірлескен жобаларға көңілі толатынын жеткізді. Оның пікірінше, биылғы сәуір айында Қазан қаласында екі мемлекеттің үкіметтері арасында қол қойылатын 2021-2025 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастықтың кешенді бағдарламасының маңызы зор болмақ.

Владимир Путин Ресей мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық, әскери-техникалық және цифрлық салалар бойынша байланыстарды нығайтудың маңызды екенін атап өтті.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге «Спутник V» вакцинасының қосымша бөлігін жеткізу жайында өтініш білдірді.

Тараптар Еуразиялық экономикалық одақтың әлеуетін одан әрі арттыруға қатысты ұстанымдары сәйкес келетінін айтып, серіктестіктің бұл бағытында тығыз ықпалдаса жұмыс істеуге келісті.

---

Жарияланды: 2021-03-24T04:04:23+06:00

Жаңартылды: 2021-03-24T04:04:23+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/24/toqaev-pwtinge-spwtnik-v-vakcinasynyng-qosymsha-boeligin-zhetkizw-zhajynda-oetinish-bildirdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.