---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/24/petropavlda-lenin-eskertkishi-9-milliongha-satylymgha-qojyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Петропавлда Ленин ескерткіші 9 миллионға сатылымға қойылды

![Петропавлда Ленин ескерткіші 9 миллионға сатылымға қойылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/03/photo_79854.jpeg)

**OLX сайтында биіктігі 3,5 метр Владимир Лениннің қола мүсіні сатуға қойылды, деп хабарлайды Qazaqpress Петропавловск.news сайтына сілтеме жасап. **

Капитализмде бәрін сатып алуға болады, соның ішінде Ленин ескерткішін де. Мүсіннің салмағы 1400 келі екені хабарланды.

> — Мұндай құнды экспонаттың иесі оны қайдан алғанын айтудан бас тартты, ол Ленин мүсінін түрлі-түсті металл сынықтары емес, тарихи ескерткіш ретінде сататынын хабарлады. Бағасы 1 600 000 Т деп тұр, бірақ жарнаманың мәтінінде ақша рубльмен көрсетілгені жазылған. Ұлттық валютаға ауыстырғанда бұл шамамен 9 миллион теңге, — делінген сайтта.

Ескерткіш шынымен қоладан жасалса, онда түсті металл сынықтары нарығындағы оның құны шамамен 1400 келіге 2 миллион теңге болады.

---

Жарияланды: 2021-03-24T16:12:04+06:00

Жаңартылды: 2021-03-24T16:12:04+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/24/petropavlda-lenin-eskertkishi-9-milliongha-satylymgha-qojyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.