---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/23/almatyda-zhasoesipirimdi-soqqygha-zhyqqan-er-adam-ustaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда жасөсіпірімді соққыға жыққан ер адам ұсталды

![Алматыда жасөсіпірімді соққыға жыққан ер адам ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/03/patrulnaa_6059a5c7962ae.jpg)

**«Шымбұлақ» тау курортында орналасқан қонақ үйдің бірінде жасөспірімді ұрып-соққан, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Бұл туралы зардап шегушінің әпкесі әлеуметтік желіде жазды. Күдікті ұсталды.

Алматы тұрғыны Instagram-дағы парақшасында он төрт жасар інісін ер адам ұрып тастағаны туралы жазды.

> «Баланың айтуынша, ол дәмханаға шай алуға барған. Ортада көңіл көтеріп, билеп жүрген ересек ер адамдар оны қолынан тартып билеуге шақырған. Алайда, інім билеуден бас тартқан. Нәтижиесінде оны соққыға жықты», — деп жазды желі қолданушы.

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі патрульдік полиция мен жедел-тергеу тобы оқиға орнына барғанын хабарлады.

Жасөспірімді ұрды деген күдікпен 1983 жылы туған А.Ж.Мәдиев есімді азамат ұсталып, ҚР ҚК 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

> «Жасөспірімге алған жарақаттарының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сонымен бірге саунада демалған адамдарға карантин нормаларын бұзу фактісі бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 425-бабына сәйкес әкімшілік материал ресімделіп, СЭС-ке жіберілді», — дейді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

---

Жарияланды: 2021-03-23T11:39:20+06:00

Жаңартылды: 2021-03-23T11:39:20+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/23/almatyda-zhasoesipirimdi-soqqygha-zhyqqan-er-adam-ustaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.